Бекзад Нұрдәулетов бокстан Әлем кубогының финалында жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жерлесіміз 85 келіге дейінгі салмақтың алтын жүлдесі үшін Үндістан өкілі Джугнумен қолғап түйістірді.
Бекзад жекпе-жек басталысымен-ақ басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші және үшінші раундта жағдай өзгермеді. Нәтижесінде Бекзад Нұрдәулетов жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын бар. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін) және Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) жеңімпаз атанған еді.