Бейбіт Жукаев Алматыдағы турнирдің екінші айналымына өте алмады
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Алматыда өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің екінші кезеңіне өте алмады.
Бірінші айналымда қазақстандық теннисші америкалық Алекс Михельсенге 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді. Ойын 1 сағат 14 минутқа созылды.
«Ойын оңай болған жоқ, бар күшімді салдым. Қарсыласым әлемдік рейтингте топ-50 қатарында тұрған мықты ойыншы. Соған қарамастан барымды беруге тырыстым.» - деді Жукаев.
Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау