Базарбайұлы Италиядағы турнирді сәтті бастады
 
                                            Қазақстандық боксшылар Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде жеңіс сериясын жалғастыруда. Құрамада кезекті жеңіске Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ол 63,5 келі салмақта жарысқа түсіп, алғашқы жекпе-жегінде Тринидад және Тобагодан келген Доннель Филиппен кездесті.
Қазақстандық боксшы сенімді жеңіске жетіп, келесі жекпе-жегін 7 наурыз күні өткізетін болады.
 
    