Батырлан Мұратовты КХЛ-дің «Аптаның батыры» ретінде ұсынды
Танымал хоккей шолушысы Иван Богун КХЛ-дің «Аптаның батыры» атағына үміткер ретінде «Барыстың» шабуылшысы Батырлан Мұратовты ұсынды, деп хабарлайды Sport+.
«Бүгін мен Батырлан Мұратовқа дауыс бергім келеді — ол «Барыстағы» азғантай қазақ хоккейшілерінің бірі, маған өте қатты ұнайды. Оның әдемі буллиттерді сала алатынын біз өткен маусымда-ақ білдік — көпшілік үшін бұл жаңалық емес. Сондықтан оның Филипп Долгановты қалай айналып өткеніне таңғалмаймын. Айтпақшы, дене бітімі мен тамаша қол техникасының үйлесімі және онша жақсы емес сырғанауы бойынша ол маған тағы бір қазақстандық шебер Никита Михайлисті еске салады. Өкінішке қарай, жарақатына байланысты маусымның басын жіберіп алған Батырдың биылғы маусымда әлі бірде-бір гол соқпағаны өкінішті», — деді маман.