Батырбек Әшірбаев Шымкент бокс федерациясының басшысы болды
Шымкент қаласының бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алдымыздағы басты мақсат – Италияда өтетін халықаралық жарыс. Жарысқа қаламыздан 2 боксшы барады. Олар - Жайна Шекербекова, Мақсұт Сабырхан. Сосын шілде айында болатын Олимпиадада жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын, - деді федерацияның жаңа президенті.
Бокс жанашырлары жиналған шараға федерацияның экс-президенті Бахадыр Нарымбетов те қатысты.
Ол бокс – ұлтымыздың даңқын асырған дамушы спорт түрі екенін, оны кәсіби тұрғыда ілгерілетіп, спортшылардың жағдайын жасаудың жолдарын әлі де қарастыратынын айтты.