Батыр Жүкембаев АҚШ-та сәтті жекпе-жек өткізді
Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) Флорида штаты, Плант-Сити қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жүкембаев украиналық Иван Редкачпен (24-6-1, 19 КО) кездесу өткізді. Бұл жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақта өтіп, он раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жек Жүкембаевтың бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Батыр Жүкембаев кәсіпқой рингте 23-ші жеңісін тойлады, ал Иван Редкач мансабындағы жетінші жеңілісін алды. Айта кетейік, қазақстандық боксшы жеңіс сериясын бес жекпе-жекке дейін ұзартты — ол соңғы рет 2021 жылдың мамырында пуэрто-рикалық Сабриэль Матиасқа (20-1, 20 КО) сегізінші раундта нокаутпен жеңілген болатын.