logo
Live

Батыр Джукембаев АҚШ-тағы келесі жекпе-жегін жариялады

Батыр Джукембаев АҚШ-тағы келесі жекпе-жегін жариялады

Қазақстандық кәсіби боксшы Батыр Джукембаев (22-1, 16 КО) келесі жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Джукембаев әлеуметтік желінде украиндық Иван Редкачпен (24-6-1, 19 КО) болатын алдағы жекпе-жегінің афишасын жариялады. Бұл кездесу АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында өтетін бокс кешінің аясында өтеді. Бірінші жартылай орта салмақтағы кездесу он раундқа есептелген.

«Жұмыс уақыты! 22 мамыр», — деп жазды Джукембаев.

Қазақстандық боксшының соңғы мәрте өткізген жекпе-жегі де Плант-Сити қаласында 13 желтоқсанда болған, онда Батыр француз Мохамед Мимунды (23-6, 4 КО) төрешілердің шешімімен жеңіп, WBA Continental North Americas титулын қорғады.



Күн шежіресі