Батуттағы гимнастикадан Швейцариядағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың нәтижесі

Батуттағы гимнастикадан Швейцариядағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың нәтижесі

Арозада (Щвейцария) батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева синхронды секіру бағдарламасында ақтық сынға жолдама алған еді. 

Нәтижесінде отандастарымыз төрешілердің шешімімен 47.15 ұпай жинап, алтыншы орынға ие болды.

Ал ерлер арасындағы жекелей сайыста Ерлан Тасмағамбетов 56.35 ұпай жинап, 13-орынмен жарысты аяқтады.