Бас бапкерлікті ұсынады деп ойладым: Василий Жиров өзін «лақтырып кеткендер» туралы сөз қозғады
Тұңғыш Олимпиада чемпионы Василий Жиров «Бірінші бол» Youtube-арнасына берген сұхбатында өзін бокстан ұлттық құрамаға жұмысқа шақыратын күнді күтіп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
– Италиядағы лицензиялық турнир кезінде сіз Қазақстан бокс федерациясының басшылығымен бірге болдыңыз. Шындығына келсек, бәріміз сіз команданың бір бөлігі ретінде жұмыс істейтін шығар деп ойладық. Неліктен біз ойлағандай болмады?
– Арамызда ешқандай келісім болған жоқ. Мен өзім де барған соң сөйлесіп, әрі қарай қалай жұмыс істейтінімізді талқылайтын шығармыздеп ойладым... Бірақ ештеңе де болмады. Тіпті, қабылдап, адам құсап түсіндірген де жоқ. «Міне, болды. Сен осында оларға жанкүйер болдың, енді үйіңе қайта берсең болады» деді. Мен «Жақсы» дедім. Шынымды айтсам, мені шақырады, маған ресми шақырту жасайды деп үміттенген едім, содан кейін жұмысты бастаймын деп ойладым.
– Сіз ұлттық құраманың бас бапкері боласыз деген қауесет тараған еді. Егер ұсыныс түссе, келісер ме едіңіз?
– Мен мұндай ұсынысты қабылдауға дайын болғанмын, егер сондай ұсыныс болса, келісемін деп ойладым. Мен қуана келіп, көмектесемін. Бірақ әлі күнге дейін ештеңе өзгерген жоқ. Түсінесіз бе? Ешқандай ұсыныс жоқ. Күтіп жүрмін, бірақ әлі ештеңе жоқ.
– Егер сізді ұлттық құрамаға шақырса, сіз бас бапкер, бапкердің көмекшісі, кеңесші секілді кез келген қызметке дайынсыз ба?
– Егер елге келіп, табыс тауып, отбасымды қамтамасыз ете алатындай болсам келісер едім.