«Барселона» Испания Суперкубогын қатарынан екінші жыл иеленді (видео)
Сауд Арабиясында Испания Суперкубогының финалдық матчы аяқталды. Онда каталониялық «Барселона» мен мадридтік «Реал» кездесті.
Ханс-Дитер Флик командасы 3:2 есебімен жеңіске жетті.
36-минутта «Барселонаны» алға Рафинья шығарды. Бірінші таймның соңында командалар үш гол соқты. «Реал» сапынан 4 қазаннан бері алғаш рет гол авторы атанған Винисиус пен Гонсало Гарсия көзге түссе, «Барселона» құрамынан Роберт Левандовски мергендік танытты.
73-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Дани Ольмоның пасынан кейін Рафинья шешуші голды соқты.
Осылайша, «Барселона» қатарынан екінші жыл Испания Суперкубогын жеңіп алды. Бұл клуб тарихындағы 16-шы атақ болды.