Бақтиер Зайнутдинов бапкерсіз қалды
«Бешікташ» клубы бас бапкері, нидерландтық маман Джованни ван Бронкхорсттың қызметінен кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Джованнисіз алғашқы матчын «Бешікташ» 2 желтоқсан, дүйсенбі күні «Хатайспорға» қарсы өткізеді. Бұл ойынды тікелей эфирде Sport+ Qazaqstan арнасынан көруге болады.
Айта кетейік, «Бешікташ» құрамында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді. Алайда, ван Бронкхорсттың басшылығы кезінде ол көбінесе қосалқы құрамда қалып, Түркия Суперлигасында маусым барысында тек 2 матчта алмастырушы ретінде алаңға шыққан еді.