BAQ Open турнирінде БАҚ өкілдері арасындағы жеңімпаздар анықталды
Алматыда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, PR-индустриясы және баспасөз қызметтері күніне арналған дәстүрлі әуесқойлар арасындағы BAQ Open турнирі өтті. Жарыс «Алатау» теннис орталығының топырақ жабындысындағы корттарында ұйымдастырылды.
BAQ Open кәсіби медиа қауымдастығын біріктіретін игі дәстүрге айналды. Турнир журналистерге, коммуникация саласының мамандарына және баспасөз қызметтерінің өкілдеріне теннис кортында бақ сынап қана қоймай, бейресми жағдайда пікір алмасып, кәсіби байланыстарын нығайтуға әрі бұқаралық спортты дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді.
Биылғы жарысқа Қазақстанның жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының 50-ге жуық өкілі қатысты. Алғашқы кезеңде қатысушылар топтарда айналмалы жүйе бойынша сынға түсіп, кейін үздіктер плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер үш санат бойынша анықталды: әйелдер арасында, сондай-ақ ерлер арасындағы «Мастерс» және «Фьючерс» дивизиондарында.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері
Әйелдер
1-орын — Марина Андреева (Qsport)
2-орын — Асыл Абдықадырова («Хабар» телеарнасы)
3-орын — Галина Выборнова («Комсомольская правда») / Аяулым Ералинова (Fonteam)
Ерлер («Мастерс»)
1-орын — Қуандық Шынасылов (Zakon.kz)
2-орын — Айдын Тусупов (блогер)
3-орын — Богдан Грушевский («Кинопоиск»)
Ерлер («Фьючерс»)
1-орын — Байрам Азизов (Kcell компаниясының PR бөлімінің жетекшісі)
2-орын — Сәби Байбусинов (деректі фильм режиссері)
3-орын — Жомарт Сайынов («Яндекс» блогері)
Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау.