Бапкер жаңа, бірақ мақсат өзгермеді: «Ертіс» — «Ақтөбе» матчының тікелей трансляциясы
Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында «Ертіс» пен «Ақтөбе» кездеседі.
Екі команда да жақында бас бапкерін ауыстырды. Ал Шойтымов үшін бұл ойын Павлодар клубының тізгініндегі алғашқы матч болмақ.
«Ертіс» үшін бұл маусымдағы төртінші бас бапкер. Дегенмен команда алдындағы мақсат өзгерген жоқ — келесі маусымда Премьер-лигада қалу. Ал «Ақтөбе» үшін қазіргі басты мақсат — турнир кестесіндегі 3-4 орындар үшін күресте ұпай жинау.
Матч сағат 17:00–де басталады. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.