Бапкер Қонысбек Төкенов Айдос Сұлтанғалидің жеңісі туралы: Өзімді ең бақытты адам сезіндім
Sport+ телеарнасының Pluste Bol бағдарламасының құрметті қонағы грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қонысбек Төкенов болды. Бағдарлама барысында білікті маман Загребте өткен Әлем чемпионатында топ жарған балуан Айдос Сұлтанғалидың жарқын жеңісі туралы пікірін бөлісті.
«Мен өзімді ең бақытты адам деп санадым. Айдостың жанында болмасам да, сырттай қолдадым. Ол жарыс алдында жарақат алған еді, сондықтан қасына секундант ретінде дәрігерімізді жібердік. Бұл — тек менің ғана емес, бүкіл қазақ бапкерлерінің жеңісі. Барлығымыз бірігіп, бір мақсатқа жұмылып, кімнің шәкірті екеніне қарамастан, алтын үшін ат салыстық», — деді бас бапкер.
Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.