logo

Балқыбекова жолдамаға бір қадам қалғанда жеңіліс тапты

Балқыбекова жолдамаға бір қадам қалғанда жеңіліс тапты

Бокстан Брусто-Арсициода өтіп жатқан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирінде тағы бір қазақстандық боксшы қарсыласқа есе жіберіп, жолдамасыз қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алуа Балқыбекова ширек финалда германиялық Карина Макси Клецермен кездескен  болатын. 

Тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен неміс боксшысы жеңіске жетті. 

Осылайша, бокстан Қазақстан әйелдер командасы Италиядағы іріктеу турнирінде жолдамасыз қалды.