logo

Балауса Мұздыман WBA Asia белдігіне ие болды

Балауса Мұздыман WBA Asia белдігіне ие болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман (4-0, 3 КО) Таиландта өткен бокс кешінде уақытынан бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ол тай боксшысы Джиттамат Пхомтомен (5-4, 3 КО) шеберілк байқасып, WBA Asia нұсқасында чемпиондық белдік үшін сынға түскен болатын. Екеуара кездесу алғашқы раундта аяқталып, отандасымыз тай боксшысын нокаутқа түсірді.
 
Осыдан кейін Балауса Мұздыман өзінің кәсіпқой мансабында WBA нұсқасының Азия құрлығы бойынша белдігіне ие болып отыр. Ал Таиланд боксшысы өзінің спорттық жолында бесінші мәрте жеңілістің кермек дәмін татты.



Күн шежіресі