logo

Балауса Мұздиман соққысы ең мықты қазақстандық боксшыны атады

Балауса Мұздиман соққысы ең мықты қазақстандық боксшыны атады

Қазақстандық боксшы қыз Балауса Мұздиман Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлы туралы пікір бөлісті.

- Біз Жәнібек Әлімханұлымен бірге бұрын Алматы облысының атынан шықтық. Сонымен қатар 2017 жылы Азияданың алауын ұстап жүгірдік. Ол ұлттық құрамадағы соққысы өте ауыр спортшы деп айта аламын. Оның салмағындағы боксшылар 80­-90 келідегілер Жәнібек сияқты ұра алмайды деп айтқан еді. Ол – әлем чемпионы, біз мақтан тұтатын өте қарапайым адам, - деді Мұздиман.

Балауса Мұздиман жеті жыл үзілістен кейін кәсіпқой боксқа қайта оралды. Алдағы жоспарлары, жекпе-жектерін үзбек қарайтын боксшылар және кәсіпқой бокстағы қаламақы туралы спортшының пікірін біздің YouTube-арнамыздағы сұхбаттан көруге болады.



Күн шежіресі