logo

Балауса Мұздиман келесі жекпе-жегінің күнін жариялады

Балауса Мұздиман келесі жекпе-жегінің күнін жариялады

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздиман өзінің әлеуметтік желілерінде рингке оралу күнін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кәсіби бокста 3-0 рекордымен келе жатқан Балауса келесі жекпе-жегін 1 маусым күні Алматыда өткізеді. Қарсыласының есімі әзірге аталмайды.

Мұздиман өзінің соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың желтоқсанында да Алматыда өткізген болатын.

Sport Plus Qazaqstan телеарнасы Балауса қатысатын бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді.



Күн шежіресі