logo

Бағдос Олжабайға АСА лигасы тарапынан айыппұл салынды

Бағдос Олжабайға АСА лигасы тарапынан айыппұл салынды

Қазақстандық АСА лигасының жауынгері Бағдос Олжабай Санкт-Петербургте өтетін турнир алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде жартылай жеңіл салмақ категориясына сәйкес келмей қалды, деп хабарлайды Sport+.

Салмақ өлшеу кезінде Олжабайдың салмағы 68,65 келі болса, қарсыласы Рустам Керимовтың салмағы 66,2 келі болды. Лига ережелеріне сәйкес, Бағдос өзінің гонорарының белгілі бір пайызын айыппұл ретінде төлейді, бірақ жекпе-жек өтетін болады.

Турнир 2 қарашада өтеді, оны тікелей эфирде Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.