Бағдос Олжабай Айвазянмен жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті
Бүгін Краснодар қаласында АСА 199 турнирі алдындағы спортшылардың ресми салмақ өлшеуі өтті, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық жауынгер Бағдос Олжабай таразыда 66,8 келі, ал оның қарсыласы Жора Айвазян 66,75 келі көрсетті.
Екі спортшы да салмақ дәрежесінің талаптарына сай келді. Олардың жекпе-жегі турнирдің негізгі кардында алғашқы болып өтеді.
АСА 199 турнирі 16 қаңтарда өтеді. Ивенттің тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасы көрсетеді.