logo

Азия чемпионатының финалындағы қазақ-үнді кездесуі даумен аяқталды

Азия чемпионатының финалындағы қазақ-үнді кездесуі даумен аяқталды

Астанада бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында дау-дамай болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

57 келіде жарыстың алтыны үшін қазақ пен үнді боксшылары таласқан болатын. Үшінші раундта Ерболат Сабырдың қабағы жыртылып кетіп, төрешілер жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатты және жеңісті үнді боксшысы Нихилге берді. Бұл өз кезегінде залдағы жанкүйерлердің де, қазақстандық бапкерлердің де наразылығын тудырды.

Ерболат ұзақ уақытқа дейін рингтен шықпай қойды. Ал, жанкүйерлер тоқтаусыз ысқырып, әділетті шешім талап еткен. Алайда, жарыс төрешілері өз шешімін өзгертпей, Азия чемпионы атағын үнді боксшысында қалдырды.