logo

Азия чемпионаты: Асылқұлов пен Бекбауов ақтық сынға жолдама алды

Азия чемпионаты: Асылқұлов пен Бекбауов ақтық сынға жолдама алды

Таиландтағы Азия чемпионатында тағы екі боксшымыз финалға өтті, деп хабарлайды Sport+

57 келіде Оразбек Асылқұлов бүгінгі жекпе жегінде моңғол боксшысын 5:0 есебімен жеңді. Ақтық сында ол өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен кездеседі.

67 келіде Дулат Бекбауов Шухрат Саломатовпен (Тәжікстан) күш байқасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ақтық сындағы қарсылас қазір Таиланд-Өзбекстан жекпе жегінде анықталады.

Тағы алты боксшымыз бүгін шаршы алаңға шығады.



Күн шежіресі