Азиада-2026: боксшы Алуа Балқыбекова ширек финалға жолдама алды

Азиада-2026: боксшы Алуа Балқыбекова ширек финалға жолдама алды

Қазақстан құрамасының боксшысы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында отандасымыз Үндістан өкілі Сакшимен кездесті.

Алуа Балқыбекова төрешілердің шешімі бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың ширек финалына өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) да алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.



Күн шежіресі