Азат Мақсұмның салмағы қарсыласынан көп
Лас Вегаста UFC Fight Night турнирінің ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Қазақстандық Азат Мақсұм салмағы қалыпты болып, 57,1 келіні көрсетті. Оның қарсыласы америкалық Чарльз Джонсон таразыға шыққанда көрсеткіш - 56,9 келі.
Мақсұм – Джонсон жекпе-жегі 4 ақпан күні өтеді. Бұл кездесу Астана уақытымен шамамен 4:00-де басталады.