logo

Азат Мақсұм Джонсонмен жекпе-жек туралы: Сегіз бұрыштың есігі жабылғанда мен оның нокаутқа түсіремін деген ойын толық өзгертемін

Азат Мақсұм Джонсонмен жекпе-жек туралы: Сегіз бұрыштың есігі жабылғанда мен оның нокаутқа түсіремін деген ойын толық өзгертемін

Қазақстандық файтер Азат Мақсұм UFC Fight night 235 аясында 4-ақпанда өтетін Чарльз Джонсонға қарсы жекпе-жек алдында Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұқбатында өзінің дайындығы туралы айтып берді, американдықтың үндеуіне жауап қайтарды және Асу Алмабаевтың жекпе-жегіне болжам берді.

- Азат, кезекті жекпе-жекке дайындық қалай өтіп жатыр? Жарақат болмады ма?

- Жекпе-жекке дайындық өте жақсы деңгейде, ойдағыдай өтуде, қатты жарақаттар болған жоқ.

- Өткен жекпе-жектің алдында сізге Қайрат Ахметов көмектесті. Бұл жауынгерді сәттілік үшін лагерьге қайта шақыру ойда болды ма?

- Негізі  Қайрат Ахметов ағамыз алдыңғы жекпе-жекте өте мықты көмек көрсеткен, UFC-ғы алғашқы бойға 5 айға жуық сол кісінің жанында дайындалдым. Осы лагерьде де қасымда болғанын қаладым, бірақ Қайрат Ахметовтың осы айларда жеке жоспарлары бар екен, сондықтан бірге дайындалуға мүмкіндік болмады. Бірақ алдағы жекпе-жектерде дайындалуға сол кісі көмектессе жақсы болар еді.

- Қайраттың орнына сіздің бұрышыңызда кім болады?

- Қайрат Ахметовтың орнына менің бұрышымда біздің команданың бапкеру Қанат Рахимов ағай болады.

- Сіз Таиландта дайындықтан өттіңіз, содан кейін оны Алматыда жалғастырдыңыз. Мықты жауынгерлермен спарринг өткізуге мүмкіндік болды ма? Мүмкін UFC файтерлерімен жұмыс жасауға мүмкіндік болған шығар?

- Осы жолы UFC жауынгерлерімен сбор өткізуге мүмкіндік болмады, бірақ олардың деңгейінен кем емес Бекзат Алмахан, Дамир Төленов, Абай Жалал сияқты тағы басқа мықты спортшылармен дайындалдым.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Azat QAZAQ Maksum ?? (@aza.maksum)

- Чарльз Джонсон сізді нокаутқа жіберуге уәде берді, американдыққа жауап бар ма?

- Бұған дейінгі 17 қарсыласымда нокаутқа түсіремін деп ойлаған шығар, бірақ нәтижесін көріп тұрғандай әлі ешкім жібермеді. Оның сөздері маңызды емес, ең бастысы - 4-ақпан күні сегіз бұрыштың есігі жабылғанда мен оның нокаутқа түсіремін деген ойын толық өзгертемін.

- Сіздің отандасыңыз Жалғас Жұмағұлов Джонсонмен шайқасты. Жоспар жасамас бұрын Жакомен ақылдастыңыз ба?

- Жоқ, Жалғас Жұмағұлов ағамызбен ақылдаспадық, бірақ екеуінің жекпе-жегін көріп, Жако жеңді деп ойлаймын. Сол жекпе-жектен өзіме көп нәрсе алдым.

- Сізде Жұмағұловтың тағы бір бұрынғы қарсыласы Ванмен трешток болды. Ол екі апта бұрын өзінің жекпе-жегінде жеңіске жетті. Егер сіз алдағы жекпе-жекте жеңсеңіз, оны қайта жұдырықтасуға шақырғыңыз келме ме, әлде бұл шайқас туралы ұмытуға болады ма?

- Біз екеуміз міндетті түрде әлі кездесеміз деп ойлаймын. Бірақ әр бой сайын оны шақыра берудің мәнісі жоқ секілді. UFC-ға қызық болса, Ванмен жұдырықтасуға мен қарсы емеспін.

- Жалпы алғанда жекпе-жектен кейінгі сұхбатта не айтуға боларын ойлап көрдіңіз бе? Егер жеңіп жатсаңыз, басқа біреуді жұдырықтасуға шақыруға дайынсыз ба?

- Бұйыртса ТОП-15 файтерлермен жұдырықтасқым келеді, мүмкін солардың біреуін шақыратын шығармын.

- Сіздерден басқа UFC-де Асу Алмабаевтың Сиджей Вергарамен жекпе-жегі бар. Сіз өзіңіздің дивизионыңызды бақылап отырсыз ба және Acу жекпе-жегіне болжам жасайсыз ба?

- Иә, жалпы өз дивизионым ғана емес, басқа жекпе-жектердіде қалдырмай көруге тырысамын. Асу бауырымның келер жекпе-жегі жайында айтатын болсам, оның грепплингі өте жоғарғы деңгейді, осы артықшылығын пайдаланып, мерзімінен бұрын қылқындыру немесе ауырту  әдісімен жеңеді деп ойлаймын.