Ауыратлет Аянат Жұмағали жастар арасында әлем чемпионы атанды
Перуде ауыр атлетикадан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Аянат Жұмағали топ жарды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ол 76 келіде бақ сынап, барлық сын бойынша үздік шықты. Отандасымыз жұлқа көтеруде 97 келіні еңсерсе, серпе көтеруде 125 келіні бағындырды. Жалпы сомасы 222 келіні тіркеген ол өз салмағында әлем чемпионы атанып отыр.
Перу астанасы Лима қаласында өтіп жатқан дүниежүзілікі біріншілікте Нұрдос Сабыр 89 келіде әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, 67 келіде Ақжол Құрманбек күміс жүлде жеңіп алған болатын.
Бұдан бөлек, осы жарыста Анна Нұрмұхамедоваға араға 12 жыл салып, Лондон Олимпиадасынының күміс жүлдесі ресми түрде табысталды.
Лимадаға жастар додасына әлем бойынша 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр.