Ауыр атлетика: Ксения Прозорова Азия чемпионы атанды
Өзбекстанның Ташкент қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың кезекті күнінде қазақстандық Ксения Прозорова тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Спортшы жасөспірімдер арасындағы 61 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Ксения қоссайыс қорытындысы бойынша 204 келі (94+110) көтерді.
Екінші орынды Өзбекстан өкілі Муниса Балтаева иеленді — 200 келі (89+111). Үздік үштікті Иран спортшысы Хажар Седе түйіндеді — 195 келі (90+105).