Ауыр атлет Нұржан Жұмабай рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155+193) келіні еңсерді. Сондай-ақ серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.
Күміс медальді Эрик Гуадамуд (Испания) жеңіп алды — 344 (156+188) келі. Ал Хосе Мантилья (Мексика) үздік үштікті түйіндеді — 335 (151+184) келі.