logo

Ауыр атлет Артем Антропов Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды

Ауыр атлет Артем Антропов Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Артем Антропов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

110 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз серпе көтеруде үшінші нәтиже көрсетті. 

Ең үздік мүмкіндігінде ол 223 келіні еңсерді. Бұл жаттығуда өзбекстандық Акбар Джураев (227 келі) топ жарса, ирандық Алиреза Насири (224 келі) екінші орын алды.

Айта кетейік, жұлқа көтеруде Артем жетінші орынға ие болса, қоссайыстың қорытындысы бойынша бесінші орынға тұрақтады.



Күн шежіресі