Ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында Азия чемпионатында топ жарды
Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 358 (160+198) келіні еңсерді.
Сондай-ақ дәл осы салмақта Ерасыл Сәулебеков 351 (154+197) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды.
Ал күміс жүлдені өзбекстандық Хикматилло Хайдаров жеңіп алды — 357 (161+196) келі.