logo

Ауруханадан шықтым: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Ауруханадан шықтым: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы ауруханадан шыққанын айтып, уайымдап жатқан жандарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Әр қиындық артында жеңілдік бар! Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын! Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет! Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық.

Денсаулық бірінші орында! Ауырмаңыздар, жақындарыңыз ауырмасын. Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды!

Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет!», - деп Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.