logo

Аударыспақ: Қазақстан спортшылары ақтық айналымға өтті

Аударыспақ: Қазақстан спортшылары ақтық айналымға өтті

9 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан сынға түсіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының үш бірдей спортшысы финалға өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Аударыспақ ипподром маңындағы этноауылда өтіп жатыр. Жарысқа 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. Қазақстан намысын қорғап жатқан Ермек Құралбай (60 келі), Алмат Ләтіпбек (70 келі), Дарын Өткелбай (80 келі) финалға шықты.

«Жақсы дайындықпен келдік. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған қырғыз палуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деген үміттемін», – деді аударыспақтан ұлттық құрама спортшысы Ермек Құралбай.

10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.



Күн шежіресі