Атырауда Kyokushin FC ұйымының екі белбеуі сарапқа салынады

12 қыркүйекте Атырауда Kyokushin FC лигасының екі чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.
Басты жекпе-жекте лига чемпионы атағы үшін қазақстандық Галиев пен әзербайжандық Галимов жұдырықтасады. Кештің қосалқы басты жекпе-жегінде екі қазақстандық — Котов пен Михеев кездеседі.
Жалпы турнир аясында 9 жекпе-жек өтуі жоспарланған.
Турнирдің басталуы — сағат 20:00. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.