«Атырау» сербиялық шабуылшымен келісімшартқа қол қойды
«Атырау» футбол клубы 26 жастағы сербиялық шабуылшы Джордже Максимовичпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Келісімшарт 1,5 маусымға жасалып, 2027 жылдың соңына дейін жарамды болады.
Кәсіби мансабында Максимович Сербия, Сингапур, Грекия, Индонезия және Черногория чемпионаттарында өнер көрсеткен. Ол түрлі турнирлерде жалпы саны 144 матч өткізіп, 53 гол соққан.