«Атырау» футбол клубының жаңа директоры тағайындалды

«Атырау» футбол клубының директоры болып Қуандық Қалбайұлы Жақиялиев тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.
Жақиялиев Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі еңбек жолын мұғалімдікпен бастаған. Кейін «Атырау» клубында бапкер болып жұмыс істеп, оның футбол орталығын басқарған. Одан соң Геолог және Ақсай ауылдық округтерінің әкімі, қалалық ішкі саясат бөлімі мен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.