logo

ATP Challenger 50: Тимофей Скатов Шымкенттегі турнирдің ширек финалына шықты

ATP Challenger 50: Тимофей Скатов Шымкенттегі турнирдің ширек финалына шықты

Шымкент корттарында өтіп жатқан ATP Challenger 50 турнирі шешуші кезеңге аяқ басты. Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген отандасымыз Тимофей Скатовекінші айналымнан сүрінбей өтіп, фаворит екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Тимофей Скатов пен Святослав Гулин (№526 ATP) арасындағы кездесу тартысты өтті. Ойынның алғашқы партиясын Скатов 6:2есебімен өз пайдасына оңай шешкенімен, екінші сетте қарсыласына жол беріп алды – 3:6. Алайда шешуші кезеңде жерлесіміз жинақылық танытып, матчты жеңіспен аяқтады. Қорытынды есеп – 6:2, 3:6, 6:4.

Енді жартылай финал жолдамасы үшін Тимофей Беларусь өкілі Даниил Остапенковпен (№675 ATP) кездеседі. Остапенков бұған дейін бельгиялық Бувайсар Гадамауриден (№320 ATP) басым түскен болатын.

Турнирдің жұптық бәсекесінде Қазақстан намысын қорғап жатқан жалғыз теннисші – Денис Евсеев. Ұлттық құрама мүшесі молдовалық тәжірибелі спортшы Раду Алботпен (№453 ATP) бірге өнер көрсетіп жатыр.

Ширек финалға шығу үшін қазақстандық-молдовалық тандем беларусьтік Сергей Бетов пен Даниил Остапенков жұбына қарсы кортқа шығады.

Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!



Күн шежіресі