logo

ATP Challenger 50: Тағы бір қазақстандық ширек финалға жолдама алды

ATP Challenger 50: Тағы бір қазақстандық ширек финалға жолдама алды

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Шымкентте өтіп жатқан ATP Challenger 50сериялы турнирінің кезекті кезеңінен сәтті өтті. Ұлттық құрама мүшесі жұптық сында тәжірибелі молдовалық Раду Алботпен бірге жарыстың үздік сегіз жұбының қатарына енді.

Ширек финалға жолдама беретін матчта Евсеев пен Албот Беларусь тандемі – Сергей Бетов пен Даниил Остапенковтан басым түсті. Кездесу 6:4, 7:6 есебімен қазақстандық-молдовалық дуэттің пайдасына аяқталды. Әсіресе, екінші партияның шешуші сәттерінде біздің жұп салқынқандылық танытып, жеңісті жұлып алды.

Жартылай финал жолдамасы үшін Евсеев пен Албот мына жұптардың жеңімпазымен кездеседі: Гейс Брауэр (Нидерланды) / Дживан Недунчежиян (Индия) және Эрги Киркин (Түркия) / Андрей Недич (Босния және Герцеговина).

Айта кетейік, бұған дейін Денис Евсеев турнирдің жекелей сынындағы бәсекесін аяқтаған болатын. Алғашқы айналымда америкалық Дали Бланшқа (№346 ATP) 6:7, 1:6 есебімен жол берді. Осылайша, жұптық сынға ауысу Дениске өз жанкүйерлері алдында жеңіске деген жігерін көрсетіп, бас жүлде үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Шымкенттегі додада Қазақстан намысын тек екі спортшы қорғап жатыр. Жұптық сындағы Денис Евсеевтенбөлек, жекелей сында Тимофей Скатовчемпиондық атаққа таласуда. Өзге отандық теннисшілер жарысты ертерек аяқтады.

Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!



Күн шежіресі