«Аталанта» Италия кубогында «Ювентусты» тас-талқан етті (видео)
Футболдан Италия кубогының ширек финалы аясында «Аталанта» өз алаңында «Ювентусты» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.
Гол авторлары — Джанлука Скамакка, Камалдин Сулемана және Марио Пашалич.
Бергамолықтардың келесі қарсыласы «Лацио» мен «Болония» жұбының жеңімпазы болады.