«Asu Open» халықаралық турнирінің алғашқы аптасының жеңімпаздары анықталды

«Asu Open» халықаралық турнирінің алғашқы аптасының жеңімпаздары анықталды

Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының корттарында World Tennis Tour M15/W15 санатындағы «Asu Open» халықаралық турнирінің алғашқы жарыс аптасы өз мәресіне жетті.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Ресей өкілі Эдда Мамедова чемпион атанды. Финалда ол жерлесі Виктория Милованованы жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Ерлер арасындағы M15 турнирінде бірінші нөмірлі спортшы Петр Бар Бирюков топ жарды. Финалда ол Григорий Щебекиннен басым түсті.

Қазақстандық теннисшілер де өз алаңындағы турнирде лайықты өнер көрсетті. Зангар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Ева Корышева жартылай финалға дейін жетті. Айта кетерлігі, Жалғасбай тек турнирдің болашақ чемпионы Петр Бар Бирюковқа, ал Корышева жарыстың болашақ жеңімпазы Эдда Мамедоваға есе жіберді.

«Asu Open» турнирі жалғасуда. Қазіргі таңда Beeline Arena корттарында екінші жарыс аптасының кездесулері өтіп жатыр. Оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері 9 тамыз күні анықталады.

Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!



Күн шежіресі