Асу Алмабаев UFC рейтингінің үздік бестігіне енді

Асу Алмабаев UFC рейтингінің үздік бестігіне енді

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC-дің жаңартылған рейтингінде өз орнын жақсартты, деп хабарлайды Sport+. 

Бакуде өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Чарльз Джонсонды жеңгеннен кейін Алмабаев бір сатыға көтеріліп, аса жеңіл салмақ дәрежесінің рейтингінде бесінші орынға жайғасты.

Қазақстандық спортшы жапониялық Киоджи Хоригучиден озып шықты. Хоригучи бір саты төмендеп, алтыншы орынға түсті.

Сондай-ақ рейтингте америкалық Брэндон Ройвал да бір саты жоғарылады. Ол соңғы жекпе-жегінен кейін қазақстандық файтерге жекпе-жекке шығуға шақыру тастаған болатын. Қазір Ройвал үздік үштіктің қатарына кіреді.

UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған үздік алтылығы:

1. Алешандре Пантожа
2. Манель Капе
3. Брэндон Ройвал
4. Тацуро Таира
5. Асу Алмабаев
6. Киоджи Хоригучи

Бұл дивизионның қазіргі чемпионы — америкалық Джошуа Ван.



Күн шежіресі