Асу Алмабаев UFC рейтингінде жоғарылады
UFC ұйымының аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев (24-3) америкалық Чарльз Джонсонды (19-9) мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін дивизион рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Sport+.
Осы жекпе-жектен кейін Асу Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесі рейтингінде жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. Ал жетінші орынға жапониялық Кёдзи Хоригучи сырғыды. Бұған дейін 15-орында тұрған Чарльз Джонсон рейтингтен шығып қалды. Оның орнына үздік 15 спортшының қатарына Джозеф Моралес енді.