Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты өтеді
Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Медальдар қарқынды және спринттік дисциплиналарда сарапқа салынады.
Сондай-ақ аталған жарыста жасөспірімдер арасында бәсекелер өтеді.
Айта кетейік, чемпионат «Сарыарқа» велотрегінде ұйымдастырылып, 22 тамызға дейін жалғасады.