logo

Астанада семсерлесуден Әлем кубогының екінші күні аяқталды

Астанада семсерлесуден Әлем кубогының екінші күні аяқталды

Астанада ерлер мен әйелдер арасында семсерлесуден Әлем кубогы жалғасуда - бұл Халықаралық семсерлесу федерациясының қолдауымен өтетін маңызды турнирлердің бірі.

Жарыстың екінші күні әйелдер арасындағы іріктеу жекпе-жектеріне арналды және бәсекелестік пен тартысты жағдайда өтті.

Қазақстан атынан жоғары деңгейде өнер көрсетуге 23 спортшы шықты. Топтық кезеңде (пулдарда) әр қатысушы кемінде 6 жекпе-жек өткізді. Іріктеу нәтижелері бойынша алдымен 128 жолақты плей-офф арқылы, кейін топ-64 жолаққа шығу үшін жарысты жалғастырды.

Қазақстандық семсерлесушілер тәжірибелі қарсыластарымен сенімді және мазмұнды өнер көрсетті. Екінші күннің қорытындысы бойынша 28 наурыз өтетін жартылай финал мен финалға қатысатын спортшылар анықталды. Қазақстан атынан келесі кезеңге Ирина Бакалдина өтті.



Күн шежіресі