logo

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді

6-11 қыркүйек аралығында Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Жарысқа Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия ұлттық құрамалары қатысады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан алғашқы екі команда А тобына жолдама алса, соңғы орынға ие болған команда С тобына түседі.

Бұдан бөлек, Астанада Милано-Кортина 2026 XIV қысқы Паралимпия ойындарының іріктеу турниріне екі жолдама беріледі. 



Күн шежіресі