logo

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты басталды

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты басталды

Астана қаласындағы «Алау мұзайдынында» конькимен жүгіру спортынан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.

Жарыстың алғашқы күні салтанатты ашылу рәсімі өтіп, спортшылар 500 және 1500 метрге жарыста үздіктерді анықтады. 

Назарыңызға алғашқы күннің жүлдегерлерін ұсынамыз: 

500 метр, әйелдер:

1. Кристина Силаева (Астана қаласы) 

2. Кристина Шумекова (СҚО)

3. Арина Ильященко (Павлодар облысы) 

500 метр, ерлер: 

1. Артур Галиев (Астана қаласы)

2. Евгений Кошкин (Алматы қаласы)

3. Алтай Жәрдембекұлы (Астана қаласы) 

1500 метр, ерлер: 

1. Нұралы Ақжол (Астана қаласы) 

2. Роман Биназаров (Қостанай облысы) 

3. Александр Кленко (Қостанай облысы)

1500 метр, әйелдер: 

1. Арина Ильященко (Павлодар облысы) 

2. Мария Деген (Қостанай облысы) 

3. Анастасия Боловодова (Абай облысы) 

Айта кетейік, чемпионат 19 наурызда мәресіне жетеді.



Күн шежіресі