logo

Астанада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады

Астанада «Елорда кубогы» халықаралық турнирі басталады

Астана қаласында 13-18 мамыр аралығында бокстан ересектер арасында «Елорда кубогы» ІІІ халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, жарысқа Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзербайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан және Қытай командалары келді.

Халықаралық турнирде ерлер арасында 48, 51, 54, 57, 60, 63, 5, 67, 71, 75, 80, 86, 92, 92 келіден жоғары салмақта жүлделер сарапқа салынса, әйелдерде боксшылар 48, 50, 52, 54, 57, 60, 63, 66, 70, 75, 81, 81 келіден жоғары салмақта сынға түседі.

Беделді бәсекеде әр салмақта жеңімпазға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары беріледі.

Алғашқы жарыс күні ел құрамасы құрамасы сапынан Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Нұрқанат Райыс, Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шығады.



Күн шежіресі