Астанада бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті
Астанада он күнге созылған бокстан U22 және жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Соңғы күні 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы финалдар өтті. Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын алды. Еліміздің боксшылары 24 медаль еншіледі.
Ерлер командасында 13 медаль: 8 алтын және 5 күміс.
Азия чемпионы атанғандар: 51 келі. Кенже Мұратұлы 54 келі. Нұрсұлтан Алтынбек 67 келі. Елнұр Сүйінбай 71 келі. Сабыржан Аққалықов 75 келі. Диас Молжігітов 80 келі. Ерасыл Жакпеков 86 келі. Темірлан Мұқатаев 92 келі. Бекнұр Батырбек
Күміс жүлдегерлер: 48 келі. Ернар Қарап 57 келі. Ерболат Сабыр 60 келі. Руслан Күзеубаев 63.5 келі. Ерасыл Таңқай +92 келі. Аманат Сабырғали
Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 11 медаль иеленді: 6 алтын, 4 күміс, 1 қола.
Чемпиондар: 50 келі. Гүлнар Тұрапбай 60 келі. Шахназ Исаева 66 келі. Ақнар Ишанова 70 келі. Жасмин Қизатова 81 келі. Диана Мағауияева +81 келі. Елдана Талипова
Екінші орында: 52 келі. Анита Адишева 54 келі. Элина Базарова 57 келі. Әнел Сақыш 63 келі. Анар Тұрсынбек
Қола жүлдегер: 75 келі Анастасия Баязитова
U22 Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікте.