«Астана» – «Қайсар» матчы кейінге шегерілді

Қазақстан Премьер-лигасының 19-турындағы «Астана» мен «Қайсар» арасындағы матч өзара келісім бойынша кейінге шегерілді, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Ойын 2025 жылғы 3 тамызда өтуі тиіс болған. Кездесудің жаңа күні әзірге белгісіз. Матчтың өтетін уақыты мен орны кейінірек хабарланады.