«Астана» Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші раундына шықты

Қазақстандық «Астана» футбол клубы УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші раундына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.
Команда сырт алаңда «Зимбруды» 2:0 есебімен жеңді.
Гол авторлары — Джеффри Чинеду мен Усман Камара.
Григорий Бабаян жаттықтыратын команданың келесі қарсыласы — «Лозанна» (Швейцария) мен «Вардар» (Македония) жұбының жеңімпазы болады.