logo

Асланбек Шымбергенов: Өткен жеңілістерден сабақ алдық

Асланбек Шымбергенов: Өткен жеңілістерден сабақ алдық

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Парижде өтетін алдағы Олимпиада ойындарына дайындық туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Жаттығу жоғары деңгейде өтіп жатыр. Олимпиада алдында осындай жарыстар керек бізге. Жекпе-жекті сезінуіміз қажет. Өзім туралы айтар болсам, дайындығым жаман емес. Бапкерлеріміз де бағыт көрсетуде. Италиядағы лицензиялық турнирден соң қалпыма келдім. Желтоқсан айында өткен турнирде нокаут алған едім. Содан сабақ алып, қазір қорғанысты күшейтудеміз. Естеріңізде болса, іріктеу додасына Геннадий Головкин арнайы келіп, қолдау көрсеткен еді. Оның ақыл-кеңестері де жадымда тұр. Головкиннің берген кеңесі мен үшін алтыннан да бағалы. Қазіргі бар ойымыз — Астанадағы жарыста сәтті өнер көрсетіп, Олимпиада ел намысын абыроймен қорғау»,  — деді Шымбергенов. 



Күн шежіресі